Есірткі қылмысы үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі қылмысы үшін 41 жастағы облыс тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын есірткіге өзі елітіп қана қоймай, оны сатумен да айналысқан. Тергеу органдары оның жалпы салмағы 200 грамнан астам марихуананы үш рет сатқандығын анықтаған.

Есірткішінің пәтерін тінткен кезде 3,7 кг марихуана, сондай-ақ 541 грамм гашиш, балконнан аңшы мылтығының 50 оқ-дәрісі табылған.

Сот оны ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлігі, 251-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге 11 жылға кесті. Сонымен қатар ол жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделетін болады.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз