«Фронтовичка» клубына ширек ғасыр толды

Орал қаласындағы Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова мемориалдық музейі жанындағы «Фронтовичка» клубына 25 жыл толды. Осыған орай клуб мүшелері мен басқа да майдангерлер аталған музейде бас қосты. 

Олар алдымен Мәншүк ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, содан кейін майдан жолдарын еске алып, соғыс жылғы әуендерді шырқады.

«Фронтовичка» клубы 1989 жылы құрылған болатын. Сол кезде оның құрамында 69 адам болса, қазір төрт-ақ майдангер қалды. Олардың алдының жасы 94-те, кішісі 90-ға толмақ. Жас ұрпаққа отаншылдық рухта тәрбие беру мақсатында құрылған клуб мүшелері ширек ғасыр бойы студенттермен, оқушылармен кездесіп, сол соғыста Отан қорғағандар ерлігін насихаттап келеді. Әсіресе, бұл ретте олар Мәншүк Мәметованың есімін ерекше қадір тұтады. Осы жолы да Мәншүк туралы айтылып, клуб атына жылы лебіздер білдірілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсылау жөнінде де әңгіме болды. 

null 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз