Инновациялық жобаны қолдауға арналған қайтарымсыз қаржы аз бөлінген

Оралда алғаш рет жарық диодты технология негізінде жұмыс істейтін жарықтандыру приборларының өндірісі іске қосылды.

Бұл инновациялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін берілетін грант есебінен жүзеге асырылып отыр. Кәсіпорын жұмысын осыдан 2 ай бұрын бастағанына қарамастан, тапсырыс беруші қатары артып келеді. Электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жарық шамдары қолданысқа ене бастады.

Тың технология негізінде жұмыс істейтін жарық шамдарының тиімді тұстары аз емес. Біріншіден, қуат көзін аз мөлшерде тұтынады және 60 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істейді. Соынмен қатар экологиялық жағынан таза. Яғни, бұған дейін қолданысқа енген кейбір құрылғылар секілді арнайы орынға апарып жою міндетті емес.

Инновациялық идеялар бар. Сәйкесінше, қайтарымсыз негіздегі гранттарды иемдеуден үмітті кәсіпкерлер де аз емес. Соңғы 2 жылда 3 миллион теңге көлемінде берілетін тегін грант түріндегі қаржыға 27 кәсіпкер қол жеткізген.

Галина Варфоломеева, БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

- Өкінішке орай, биыл біздің облысқа республика бюджетінен өте аз мөлшерде қаржы бөлінді, яғни 11 миллион теңге. Соған қарамастан біз өтініштерді қабылдап жатырмыз. Мамырдың 16-сына дейін 37 өтініш қабылдадық. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 60 миллион теңге қажет болады.

Биыл облыста тек 3 жобаны қаржыландыру көзделген. Ал қалған инновациялық идея авторлары бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаржат көлемінің көбеюін күтуіне тура келеді.

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз