Каспийден Алтайға дейін жүріп өтетін автоэкспедиция Орал қаласында болды

7 қазан күні «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» атты этнографиялық автоэкспедиция Орал қаласына келді.

Орал қаласының орталық көшелерімен жүріп өткен автоэкспедиция мүшелері Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

2  

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған аталмыш экспедиция елімізде құрастырылған бес отандық автокөлікпен айға жуық уақыт бойы Қазақстанның барлық өңірін аралап шықпақ. Экспедиция құрамында кәсіби жүргізушілер, медицина қызметкері, әкімші, этнограф, блогер, журналистер, өнерпаздар, фотосуретшілер - барлығы 20 адам бар.

3  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде аталмыш экспедицияға оң сапар тілеген болатын. Экспедиция мақсаты да Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді, Қазақстанның экономикадағы игі өзгеріс-жаңалықтарын, ел бірлігін  насихаттау, жастарға жасалып отырған қамқорлықты паш ету, оларды да Отанымыздың одан әрі өркендеуі жолында аянбай еңбектенуге үндеу болып табылады. Түпкі мақсат - Қазақстанның әлемнің озық отыз елінің қатарына енуіне үлес қосу. Еліміздің әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Мақтан тұтатын жетістіктері, бай тарихы, көрген адам сүйсінетін табиғаты бар екені анық. Осының бәрі экспедицияға қатысушыларды үлкен әсерге бөлемек. Олар сондықтан жоба соңында сапар туралы фильм түсіріп, 16 аймақ туралы фотокітап шығаруды жоспарлап отыр.

4  

Киелі Маңғыстаудан бастау алып, Атырауға аялдап, Оралға тоқтаған экспедиция енді Ақтөбеге бағыт түзеді.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз