Афоризмы

Тәуелсіздік туралы

 

Тәуелсіздік туралы
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ

Төзімділік, шыдамдылық туралы

 

Төзімділік, шыдамдылық туралы


Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.
Мұтар Әуезов

Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың.
Мұтар Әуезов

Жүзіне шыдаған, жүз біріне де шыдайды.
Мақал - мәтел

Төзімді тілегіне жетеді.
Құтып

Қанша асықсаң да - мезгілі жетпей іс бітпейді.
Құтып

Қазақ

Төрт түлік мал туралы

 

Төрт түлік мал туралы
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!
Бұқар Қалқаманұлы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.
Әлихан Бөкейханов

Мал тұяғы - қазына.
Әлихан Бөкейханов

Зекетсіз мал айдама.
Шортанбай Қанайұлы

Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.
Шортанбай Қанайұлы

Қазақ

Шарап туралы

 

Шарап туралы


Мас адамда ақыл болмайды.
Жүсіп Баласағұн

Шараптан - мың пәле түсер ізіңе,
Зинақорлық - түкіртеді жүзіңе.
Жүсіп Баласағұн

Шарап ішпе - жүр пәледен қашықта,
Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,
Олар тонын кедейліктің кигізер.
Жүсіп Баласағұн

Ішпе шарап, әйел қуып арыма - дақ түсірер бұлар беттің арына.
Жүсіп Баласағұн

Қазақ

Шарасыздық, дәрменсіздік туралы

 

Шарасыздық, дәрменсіздік туралы


Өз басыңа жау келсе - ерлігің зая, өз басыңа дау келсе - билігің зая.
Би-шешендер

Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды.
Махмұд Қашқари

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.
Қазыбек Келдібекұлы

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Афоризмы