Афоризмы

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Татулықтан артық жолдас жоқ.

Абай Құнанбаев

Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев

Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ең асыл қазына - бірлік.

Нұрсұлтан Назарбаев

Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны - ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.

Нұрсұлтан Назарбаев

Евразия идеясы - мен үшін, ең алдымен, ынтымақтастық идеясы.

Қазақ

Қадір-қасиет туралы

 

Қадір-қасиет туралы
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамаңдар ел қадірін не білсін.
Асан қайғы

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!
Асан қайғы

Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар.
Мұхтар Әуезов

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.
Мұхтар Әуезов

Қазақ

Қанағат-рақым туралы

 

Қанағат-рақым туралы
Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.
Асан қайғы

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.
Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.
Асан қайғы

Барымен базар.
Мақал - мәтел

Қайғысыз қара суға семірер.
Мақал - мәтел

Қазақ

Қару-жарақ туралы

 

Қару-жарақ туралы


Сауыттың қасиеті - қылышпен ұрғаңда, аттың қасиеті - жаудан алып шыққанда көрінер.
Қорқыт ата

Қылыш жарасы - бітеді, тіл жарасы - бітпейді.
Мақал - мәтел

Қылыш үстінде серт жүрмейді.
Мақал - мәтел

Қылыш - ел шауып, қазына құрайды.
Жүсіп Баласағұн

Қазақ

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Қоғам, мемлекет, заман туралы
Демократия - оппозиция қызметіне жол ашу ғана емес, мемлекеттіліктің бір түрі, қоғамдық-саяси өмір ахуалының белгілі бір деңгейі.
Нұрсұлтан Назарбаев

Көпұлттылық - қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.
Нұрсұлтан Назарбаев

Әр халықтың өз болашағын өзі таңдауға - сөзсіз құқы бар. Алайда оны жүзеге асыру - басқа этностардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ

Беттер

Subscribe to RSS - Афоризмы