Қатты жел кітапхана мен бірнеше үйдің шатырын жұлып әкетті - БҚО

Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округіне қарасты Қарой елді мекенінде 14 маусым күні кешкісін қатты жел тұрып, кітапхана мен бес үйдің шатырын жұлып әкетті.

Небәрі он екі отбасы тұратын ауылда күшті жел мен төпелеп жауған жаңбырдың салдарынан кітапхана ғимаратының шатыры қирап, үйлердің ауласы зақымданған, электр желілері үзіліп, елді мекен жарықсыз қалған. Долы дауылдың пәрменіне шыдамаған мал ығып кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Ақтау ауылдық округінің әкімі Орынбек Нәсимуллиннің айтуынша, бұршақ пен дауылдың кесірінен қираған шатырларды жөндеуге кететін шығын есептеліп, тиісті көмек көрсетіледі. Электр және байланыс желілері қалпына келтірілмек. Ауылды тазалау, төтенше оқиға барысында ауруға шалдыққан мал басын сауықтыру шаралары да атқарылмақ.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз