Қазақстан-Ресей шекарасында 3 тоннаға жуық спирттік өнімдерді заңсыз өткізбек болғандар қолға түсті

Қазақстан - Ресей шекарасында 3 тоннаға жуық спирттік өнімдерді заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Жәнібек» (автомобильдік) бақылау бекетінің шекарашылары (Батыс Қазақстан облысы) бір тәуліктің ішінде спирттік ішімдіктерді заңсыз өткізуге тырысқан төрт бірдей іс-әрекеттің жолын кесті.

Нақтырақ айтқанда, бірінші жағдайда Қазақстан азаматы «Скания» автокөлігіне тиелген 200 литр ішімдікті Ресей жеріне қарай тиісті құжаттарсыз өткізуге әрекеттенген.

Бұдан басқа үш  оқиғада, керісінше Ресей азаматтары 825 литр, 400 литр және 1320 литр болатын ішімдіктерді заңсыз өткізуге тырысты. Олар алкогольді өнімдерді тиісті құжаттарсыз шекарадан алып өтпек болғандары үшін жауапкершілікке тартылатын болады.  

Бұл  деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз