Қазақстанда болу ережесін бұзған екі шетелдік азамат бес тәулікке қамалды

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің Приурал полиция бөлімі  Асан ауылында жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде ереже бұзған екі өзбек азаматын анықтаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың құжаттарын тексеру кезінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзып, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмегені белгілі болған. 

Зеленов аудандық №2 соты аталмыш екі азаматты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 394-бабы 3-бөлігімен айыпты деп танып, 5 тәулікке  әкімшілік қамауға  алуға қаулы етті.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз