Қазақстандық азамат Ресейге 20 тонна газ өткізбек болған

БҚО Орал шекаралық бөлімінің шекара жасағы «Сырым авто» өткізу бекетінде Ресей Федерациясына 20 тонна газолин фракциясын өткізбек болған 25 жастағы ҚР азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүктің тиісті құжаттары болмады.

Аталған факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз