ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Анатолий Скоробогатов

Кеңес Одағының Батыры Анатолий Маркович Скоробо​гатов 1906 жылы Батыс Қазақстан облысы Камен (қа​зіргі Тасқала) ау​даны 1-Шежін ауылында дүниеге келген.

А.Скоробогатов соғыстың бас​талғаны туралы хабарды Мәскеу қаласында естиді. Ол сол жерден әскер қатарына сұранып, 1941 жылы майданға аттанады.

Аға механик-танк жүргізушісі А.Скоробогатов Ленинград майданы 21-армия 29-гвардиялық дербес ауыр танк полкі құрамында 1944 жылы 21 маусымда Выборг түбіндегі Таммисуо теміржол стансасы үшін ұрыста  ерекше көзге түсті. Танкіні шебер жүргізе білген ол жаудың екі зеңбірегі мен минометін құртып жібереді. Ұрыс барысында өзінің танкі істен шыққанмен, гвардияшы техник-лейтенант А.Скоробогатов пулеметпен дұшпанның 30 солдаты мен офицерін жойды. Содан кейін экипаж құрамында жеті сағат бойы қоршауда қалып, соғысады. Ақыры оғы таусылғанша атысып, танк ішінде жанып кетеді.

А.Скоробогатовқа қайтыс бол​ған​нан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Выборг қаласында жерленген.

Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Оның есімі туған жері Тасқалада құрметпен аталады. Сондай-ақ Орал қаласының бір көшесіне А.Скоробогатовтың аты берілген.

 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз