ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Дмитрий Панфилов

Кеңес Одағының Батыры Дмитрий Иванович Панфилов 1913 жылы 15 қазанда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Оның отбасы 1929 жылы Қырғызстандағы Ош облысының Жалалабад қаласына қоныс аударады, өзі шофер болып жұмыс жасайды.

1935-1937 жылдар аралығында Кеңес Армиясының қатарында болады. 1941 жылдың 24 маусымында әскерге шақырылып, Мәскеуді қор​ғауға, Брянск төңірегіндегі шай-қастарға қатынасады. 1944 жылы Саратов танк училищесін бітірген.

Екінші Украина майданы 13-танк корпусы 170-бригада құрамында взвод командирі, кіші лейтенант Д.Панфилов 1944 жылы 21 тамызда ерекше көзге түсті. Чиорбешти кенті (Румыния) маңында барлауға шыққан оның взводы жаудың жолын кесіп тастап, 3 танкісі мен 120-ға дейін сарбаз-офицерін жойды. Сөйтіп бригаданың алға жылжуын қамтамасыз етті. 25 тамыз күні Хуши қаласы маңында қоршауда қалып, танкісі істен шықса да, дұшпанның үш шабуылын тойтарды. Негізгі күш келіп жеткенше снаряд біткеннен кейін гранаталармен ұрыс жүргізді.

Соғыс кезінде көрсеткен батыр​лығы мен ерлігі үшін Д.Панфиловқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Ода​ғының Батыры атағы берілді.

1946 жылдан бастап лейтенант Дмитрий Панфилов запаста болып, Жалалабадта электроприбор зауытында жұмыс істеді.

Ленин, Қызыл Ту, Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

1985 жылы 10 желтоқсанда қайтыс болды, Ферғанада жерленген.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз