ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Ерденбек Ниетқалиевтің туғанына - 100 жыл

Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиев 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген.

1936 жылы Алматы зооветерина­риялық институтын бітіріп, соғысқа дейін Қызылорда облысында еңбек еткен. 1939 жылдан бастап Кеңес ар­миясының қатарында, 1940 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін 12-гвардиялық атты әскерлер полкі құрамында эскадрон командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысады. Батыр офицердің жауынгерлік ерлігі бір­неше рет жоғары наградалармен аталып өткен. Бір ұрыс кезінде Ниетқалиевтің эскадроны жаудың 400 солдаты мен офицерін, бірқатар техникасын жойды, 80 неміс солдаты мен офицерін тұтқынға алды.

Ерденбек Ниетқалиев 1945 жылы 2 ақпанда асқан ерлікпен қаза тапты. Ратценбург (Германия) қаласында жерленген. Оған қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленин, Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

Туған жері Қамысты ауылында Батырдың мүсіні орнатылған, орта мектеп Е.Ниетқалиевтің есімімен аталады. 2010 жылы Оралдағы бұрынғы Высотная көшесіне, сондай-ақ Тараз қаласындағы оның отбасы тұрған орамға Кеңес Одағының Батыры Е.Ниетқалиевтің есімі берілген.

Биыл Ерденбек Ниетқалиевтің туғанына 100 жыл толды.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз