ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Павел Садомсков

Кеңес Одағының Батыры Павел Степанович Садомсков бұрынғы Приурал ауданы орталығы Дариян ауылында (қазір Зеленовқа қарайды) 1923 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

1939 жылы сегізжылдық мектепті бітіргеннен кейін колхозда тракторшы болып еңбек еткен.

1942 жылдың қыркүйегінде әскерге алынған. 1943 жылдың ақпанына дейін Одесса жаяу әскерлер училищесінде оқиды, оны үздік бітіргеннен кейін майданға аттанады.  

Орталық майданда 60-армия 226-атқыштар дивизиясы 987-полк құрамында барлаушы ретінде ұрыстарға қатысады. 1943 жылы 21 қыркүйекте Киев облысы Вышгород ауданы Гиревка селосы үшін шайқаста П.Садомсков қысылтаяң сәтте жау пулеметін қолға түсіріп, оқ жаудырып, жолдастарына көмекке келеді. Осы ұрыс кезінде ол бағалы деректерді қолға түсіреді. Тағы бір айқас кезінде Павел Садомсков қаза болған бөлімше командирін ауыстырып, командование алға қойған тапсырманы мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді.

Днепр өзенінен өту кезіндегі батырлығы мен тап​қырлығы үшін П.Садомсковқа 1943 жылы 17 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, офицер атанды.

Соғыстан кейін Куйбышев (қазіргі Самара) қа​ласындағы аэродром жабдықтары зауытында жұмыс істеді. 1998 жылы 28 тамызда қайтыс болып, Самара қалалық бейітінде жерленді.

Ленин, Отан соғысы ордендерімен мара​патталған.

Дариян ауылының құрметті азаматы.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз