ҚХА жылы аясында Оралда белорус мәдениетінің күні мерекеленді (ФОТО)

Облыстық жастар шығармашылығы орталығында «Дажынкі» егінжай мерекесі мен белорус мәдениетінің күні аталып өтілді.

Келушілерді «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің фольклорлық тобы жарқын әнмен қарсы алса,  фойеде қойылған декоративті-қолданбалы өнер көрмесі де бей-жай қалдырған жоқ. 

«Грамада» белорус этномәден орталығының төрағасы Михаил Беляевтің сөзіне қарағанда, Беларусь елінде «Дажынкі» мерекесі егін орағы аяқталғаннан кейін тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да жаппай тойланады. Жиын-терінде үздік шыққан ауыл еңбеккерлеріне  құрмет көрсетіліп, ол халық серуеніне ұласады. Халықтық мейрамда ешкім аянып қалмай, концертте өз өнерлерін көрсетеді. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 3 мыңдай белорус болса, соның 900-дейі Орал қаласында тұрады. Олардың бәрі де қазақ халқымен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.

Жиналғандарды Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының алғысхатын «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Анастасия Сафинаға табыс етті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында қолға алынған шараның бірі - этностар мерекесі. Оны тек сол этнос қана емес, басқа ұлттардың өкілдері де бірге атап өтіп келеді. Бұл Қазақстан халқының Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа барар жол» атты Жолдауында айтылғанындай, «Мәңгілік елге» бет алғандығын көрсетеді. Дәйім береке-бірлігіміз бекем болып, ырыс-ынтымағымыз молая берсін», деді Ғ.Қапақов.

Белорустардың мейрамына өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Ресейдің Орал қаласындағы вице-консулы Юрий Пономарев ортақтасып, өз қуаныш-пейілдерін жеткізді. Сонымен қатар көршілес Ақтөбе қаласындағы белорус этномәдени орталығының өкілдері арнайы келіп, концерттік бағдарламаға қатысумен бірге іс-тәжірибелерімен бөлісті.
null

 null

 null

 null 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз