Колонияда бүлік шығарған жазасын өтеушілерге жаңа үкім шықты

Батыс өңірдегі РУ 170/2 колониясында бүлік шығарған жазасын өтеушілерге жаңа үкім шықты, деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Аталмыш мекемеде жазасын өтеушілер Е.С.Балқыбеков, В.В.Перницкий, Е.Т.Қалиев, А.М.Жекенов, Н.Ж.Аманқұлов, А.С.Бақтығұлов, Е.Е.Хайрулин «алдын ала сөз байласып, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық қарсылық ұйымдастырған».

«Олар 2013 жылғы 20 тамызда БҚО бойынша ҚАЖД РУ 170/2 түзеу мекемесін аралап, жазасын өтеушілерді өздеріне дене жарақаттарын салуға арандатады. Нәтижесінде 64 адам әкімшіліктің заңды талаптарына өрескел қарсы келіп, өздеріне қасақана әр түрлі дене жарақаттарын салды», - делінген хабарламада.

Орал қалалық сотының үкімімен жеті жазасын өтеуші ҚР Қылмыстық Кодексінің 360-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды.

«Қылмысты ұйымдастырушы Е.Балқыбеков 7,5 жылға бас бостандығынан айырылса, ал оның қалған сыбайластары 5 жыл және 1 ай жалпы режімдегі колонияда жазаларын өтеуге кесілді», - деп нақтылады прокуратура қызметкерлері.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз