Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы ауысты

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Д.А.Құсайынов 1965 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

Ол 1982-1984 жылдары Жәнібек ауданының «Октябрь туы» газетінің тілшісі болып, екі жыл әскери борышын өтегеннен кейін осы қызметін жалғастырған. 1992 жылдары аталмыш газетте ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі ретінде еңбек етті.

1992-1993 жылдары Жәнібек аудандық халық депутаттары кеңесі қоғамдық бірлестік және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі секторының меңгерушісі, 1993-2004 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2005 жылдары осы аудандағы «Сауықтыру орталығы» МКҚК-ның директоры және 2005-2006 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы болып еңбек етті. 2006-2012 жылдары Жәнібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. 2012-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі бас маманы болып жұмыс жасады. Биылғы 12 маусымнан бері БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы қызметін атқарған Айдар Батырханов облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып ауысты.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз