Мемлекет қазынасынан 12,8 млн. теңгені жымқырған «Қазпошта» қызметкерлері сотталды - БҚО

«Қазпошта» АҚ Сырым аудандық бөлімшесінің бастығы А.Махметов, бас бухгалтері Г.Нұрғали және бас кассиры К.Терлікбаева алдын ала сөз байласып, өз қызметтерін асыра пайдалана отырып, бюджетке 12,8 млн. теңге залал келтірген.

БҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметтерге қарағанда, аталмыш мекемеде 2012 жылы 28 тамызда жүргізілген тексеріс кезінде 4,1 млн. теңге қаржының жетпейтіндігі анықталған. Кейін кешенді тексеру барысында аталған қызметкерлердің 2010 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың қыркүйек айларының аралығында 12,8 млн. теңгені жымқырғандары белгілі болды.

Сырым аудандық сотының үкімімен А.Махметов, Г.Нұрғали, К.Терлікбаева 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз