Мергендер біріншілігінде БҚО құрамасы үшінші орынды еншіледі

Шымкент қаласында жауынгерлік қарудан нысана көздеуден өткен ҚР Ішкі істер министрлігі мен «Динамо» қоғамы біріншілігінде БҚО құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 16 команда қатысып, Калашников автоматы мен Макаров тапаншасымен нысана көздеуден сынға түсті. БҚО құрамасы сапында Бауыржан Оспанов, Вадим Бекчентаев, Дариға Мәжитова, Арман Жамалиев сынды құралайды көзге атқан мергендер болды.

Жыл сайын жүлдесіз қайтпайтын батысқазақстандық мергендер бұл жолы да кубок, диплом, бағалы сыйлықтармен оралды.
Мерген

Мерген 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз