"Мысықты атқым келді": Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда алты жасар балаға пневматикалық қарудан оқ атқан адам ұсталды, хабарлайды КТК телеарнасы.

Құдай сақтап, кішкентай Әмірхан дін аман. Ал ойнап жүген балаларды көздеген 26 жастағы күдікті араға бірнеше күн салып қолға түсті. Оның терезеден тағы да оқ атып жатқанын Әмірхан Теңеубаевтың анасы кездейсоқ көріп қалып, тәртіп сақшыларына хабарлапты. Күдікті болса, балаларды емес, аулада маза бермей жүрген мысықтарды көздедім деп ақталып отыр.

Автор: Гүлмира Тасболатқызы

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз