Мангистауская область

Маңғыстауда дәрігерлер бүлдіршіннің кеңірдегіне тұрып қалған тиынды алды

Бейнеу ауданында 2 жасар баланың кеңірдегінен 10 теңге тиын алынды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

"Мысықты атқым келді": Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда алты жасар балаға пневматикалық қарудан оқ атқан адам ұсталды, хабарлайды КТК телеарнасы.

Құдай сақтап, кішкентай Әмірхан дін аман. Ал ойнап жүген балаларды көздеген 26 жастағы күдікті араға бірнеше күн салып қолға түсті. Оның терезеден тағы да оқ атып жатқанын Әмірхан Теңеубаевтың анасы кездейсоқ көріп қалып, тәртіп сақшыларына хабарлапты. Күдікті болса, балаларды емес, аулада маза бермей жүрген мысықтарды көздедім деп ақталып отыр.

Автор: Гүлмира Тасболатқызы

Маңғыстау облысында көпбалалы отбасы үйінен айырылуы мүмкін

Маңғыстау облысында көпбалалы отбасы далада қалуы мүмкін. Отағасының айтуынша, Қорғаныс министрлігінің өкілдері оларды баспанасынан шығарып жатыр. Даудың басы жер телімінен басталған. Шамшырақтың бұрынғы қараушысы Жәңгірхан Сүлейменов өткен жылдың тамыз айында шығарылған соттың шешімімен келіспейді. Жоғары сотқа және Бас прокуратураға шағым түсірген. Мәселенің мән-жайын тілші тарқатады. Ондаған сот шешімдері мен талап арыздарды бірнеше рет қарап шығатын Жәңгірхан Сүлейменовтің өзі де бұл күнде заңгерге айналған.

Subscribe to RSS - Мангистауская область