Өнеркәсіптегі орташа жалақы 210 мың теңгеден асты

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 103393 теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 10,3 пайызға өсті.

БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде ең жоғары еңбекақы өнеркәсіп саласында - 210,4 мың теңге, бұл облыстық көрсеткіштен 2 есеге артық. Сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 146,1 мың теңге, құрылыста - 141,4 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 127,3 мың теңге, қаржы және сақтандыруда - 119,4 мың теңге (1,2 есе), көлік және қоймалау, тамақтандыру қызметінде - 118,6 мың теңге (1,1 есе).

Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында, мұнда орташа еңбекақы облыстық көрсеткіштің 50,6 пайызына тең.

Аумақтық жағынан алғанда, ең көп жалақы Бөрлі ауданында 247,6 мың теңгені құрайды, бұл облыстықтан 2,4 есеге көп.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз