Орал-Атырау күре жолындағы апат екі адамның өмірін қиып кетті

Кеше Орал-Атырау күре жолы бойында, Ақжайық ауданы аумағында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.

Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, «Фольксваген-Пассат» жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылған. Соның салдарынан 1987 жылғы екі жолаушы қаза тапқан. Түрлі жарақат алған қалған үшеуінің де (соның бірі - жүргізуші) жағдайы ауыр.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз