Орал гарнизонына жаңа әскери прокурор келді

Жуырда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мәжіліс залында ҚР бас әскери прокурорының орынбасары, әділет полковнигі Бақытберген Қасымбаев Орал гарнизоны әскери прокуроры болып тағайындалған әділет подполковнигі Алтынбай Ермекбайұлы Раевты таныстырды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Раев осыған дейін Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Жиында «Батыс» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Асхат Омаров, БҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Альберт Жақияев, БҚО әскери техникалық мектебінің директоры, полковник Құспан Мұқатаев және басқалар осыған дейін Орал гарнизонының әскери прокуроры қызметін атқарған әділет полковнигі Тұралы Бәкірге алғыстарын білдіріп, жаңа прокурорға табыс тіледі.
Орал гарнизонына жаңа әскери прокурор келді

Орал гарнизонына жаңа әскери прокурор келді  

 

http://www.kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз