«Орал» халықаралық әуежайы қайтадан ашылды

Бүін ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өткізілген «Орал» халықаралық әуежайы қайтадан ашылды.

Алматыдан ұшып келген ұшақ экипажы мен жолаушыларды қарсы алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта құрудың бірінші кезеңі мерзімінен бұрын бітті (оны аяқтау 25 қарашаға жоспарланған болатын) әрі жұмыстар сапалы атқарылды. Мамандардың пікірінше, қазіргі таңда бұл еліміздегі озық жолақтардың бірінен саналады. Алдағы жылы күрделі жөндеудің екінші кезеңі аяқталғаннан кейін Орал әуежайы кез келген ұшақты қабылдай алады.

Әуежай директоры Хайретдин Рысқалиевтің сөзіне қарағанда, алдағы жылы сәуірде шамамен ай не ай жарым уақытқа әуежай қайта жабылып, ұшу-қону жолағын ұзарту және кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар апаттық-құтқару стансасы мен трансформаторлық подстанса салынады. Барлық жұмысты 2015 жылдың соңына дейін тәмамдау көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеуге облыс басшысының қозғау салуымен республикалық бюджеттен 6 млрд.-тан астам теңге бөлінген болатын.

ә

і

ң

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз