Орал қаласында әрбір үшінші тұрғынның автокөлігі бар

Оралда қазіргі таңда әрбір үшінші тұрғынның автокөлігі бар деуге болады. 

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің сөзіне қарағанда барлық 96 мың автокөліктің 10 мыңдайы тек соңғы төрт жылда сатып алынған. Сондықтан, жолды талапқа сай ұстау мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. 

Биыл жалпы көлемі 8 126 шаршы метрден астам аумаққа жолтаңба салынып, 300-дей жаңа жол белгілері (барлығы 4500) орнатылды. Қалада 49 бағдаршам нысаны бар.

2014 жылы қала ішіндегі жолды жөндеуге былтырғымен салыстырғанда, екі еседен астам көп қаржы бөлініп, 4,9 млрд. теңгеге (2013 жылы - 2,2 млрд. теңге) жетті. Биыл барлығы 40 шақырым қала жолы жөнделіп бітпек. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз