Орал қаласында үшем дүниеге келді

Кеше Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді.

Орталық директоры Николай Дмитриенконың айтуынша, олардың үшеуі де ұл балалар. Нәрестелер әзірге қарқынды терапияда, дәрігерлердің бақылауында болмақ. Сәбилердің анасы 24 жасар Бағдагүл Есенғалиева отадан кейін жансақтау бөлімінде.

Нәрестелердің әкесі 29 жастағы Жосабек Есенғалиев «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскері және облыстық «Жас ұлан» балалар ұйымдарының атқарушы хатшысы қызметін атқарады.

«Үйленгенімізге төрт жыл болды. Көптен күткен перзенттеріміз еді, қуанышымызда шек жоқ. Өзім Сырым ауданынанмын, ағамның үйінде тұрып жатырмыз. Сәбиіміз болмаған соң «Баспана - жастарға» бағдарламасына іліге алмай жүрген едік, енді бір реті болар», - деді Жосабек.

kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз