Орал қаласында жабайы иттердің саны артып кеткен

Орал қаласында жабайы иттер саны азаяр емес, соған байланысты Орал қалалық мал дәрігерлік станциясының қызметтері шахарымыздағы кезбе иттерді аулап, жануарларға арналған арнайы орындарға тапсырды.

Көктемгі мезгілінің жақындауына орай үй жануарлары ғана емес, барлық жануарларда агрессивті кезең басталады. Адам баласы ашуланған сәтте ессіз қадамдарға барып жатса, иттер туралы да солай айтуға болатын көрінеді. Ондай жағдайда өз итіңізге таланып қалмас үшін оны көктемнің соңғы күндеріне дейін байлап қойған жөн дейді ветеринария мамандары.

Жалпы шахарымызда бұралқы иттерді аулауға мал дәрігерлік станциясында үш бірдей дәрігерлік топ жасақталған көрінеді. Олар қала тұрғындарының шағымы бойынша барлық аудандарды қамтуға қауқарлы.

Аталмыш мекеме қызметкерлерімен күніне 40 қатарлы бұралқы иттер өлкеміз бойынша ауланатын көрінеді. Бұндағы басты мақсат қала тұрғындарын жануарлардан жұғатын адам өміріне аса қауіпті аурулардан сақтандыру болып келеді.

ТДК-42
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз