Орал әуежайының ұшу-қону жолағы қайта салынады

Орал қаласының әуежайының ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары 2014-2015 жылдары өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуницикация министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқарма басшысы Амантай Көкетаевтың айтуынша: «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейінгі 10 жылда 13 ірі әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта салу жұмыстары жүргізілді. Жақын арада Орал әуежайының ұшу-қону жолақтарын қайта салу басталады. Ұшу-қону жолағының салмақ көтеру қабілеттілігінің төменділігіне байланысты әуежай ауыр салмақты кемелерді қабылдай алмай, рейстер санын қысқартуға мәжбүр. Бұл жұмыстар әуежайдың мүмкіндіктерін арттырып, қазіргі заманғы сыйымдылығы көбірек әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады, сонымен бірге бүкіл аймақтың дами түсуіне септігін тигізеді».

Амантай Көкетаевтың пікірінше, қалған 5 әуежайдың қайта салу жұмыстарын 2018 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз