Оралда 13 тұрғын үйдің ауласы жөнделеді

Оралда тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға 230 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасай отырып.

Оралда аулаларды абаттандыру бағдарламасы 2007 жылдан бастап қолға алынған. Үш жылдың ішінде облыс орталығындағы 118 ауланың 386-cы жөнделді.

«Биыл 20 ауланы жөндеу жоспарланған. Алайда 13 ауланы ғана жөндеуге қаржы бөлінді. Бюджет қаржысы есебінен үйлерге кіреберіс жолдарды жөндейміз, жарық шамдарын, балалар ойнайтын алаңдарды орнатамыз»,- деді бөлім басшысы Бекжан Тоғжанов.

Аулаларды абаттандыру жұмыстары жақын арада басталады.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз