Оралда 175 жас сарбаз ант қабылдады

19 шілде күні Орал қаласындағы Жеңіс алаңында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөліміне жаңадан қосылған 175 сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жауынгерлер Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған. Шараға сарбаздардың ата-аналары да келді.

«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Исатай Жәрдемов, әскери бөлім командирі, подполковник Мамай Құрмантаев жас сарбаздарды ант қабылдауымен құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқарып шығуларына тілектестігін білдірді.

Айта кету керек, жауынгерлер ант қабылдамастан бұрын бір ай бойы жалпы әскери дайындықтан өтіп, сапта жүруге жаттықты, денелерін шынықтырып, қару-жарақты меңгерді. Бөлімде сондай-ақ әскери техникалар көрсетіліп, командирлер ата-аналармен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Мереке көркемөнерпаздар қойған концертпен тәмамдалды.
  

   

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз