Оралда 4,5 млрд. теңгеге жол жөндеу жұмыстары атқарылуда

Орал қаласында биыл 40 шақырым жол жөнделмек, бұл өткен жылғыдан 22 пайызға көп.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің мәлім еткеніндей, бұл автокөлік жолының жағдайын 13,2 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл қаланың 25 көшесінде 4,5 млрд. теңгеге күрделі және орта жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Қазірдің өзінде Еуразия даңғылы бойында 859 метр, Алмазов көшесінде 900 метр, Чкалов, Шоссейная көшелерінде Желаев кентіне қарай, Орал-Тасқала бағытында Жәңгір хан көшесінен шаһар шекарасына дейін 4,083 шақырым, Алматы көшесінде 1374 метр жолды күрделі жөндеу қызу жүргізілуде.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз