Оралда 900 млн теңгенің алаяқтығына қатысты күдікті келіншек қамауға алынды

Оралда 32 жастағы Алина Хакалоны қамауға алуға санкция берілді, деп хабарлайды BNews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Акела» ЖШС директоры 900 млн теңге бойынша алаяқтыққа қатысты деп сезіктелуде, қалалық сотың судьясы Дастан Байменовтың айтуына қарағанда, оны қамауға санкция беру жөнінде Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің тергеу басқармасының тергеушілері өтінім берген. 

«Хакало ҚР ҚК-нің 4 бабының бөлігінде қарастырылған «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша сезікті танылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, келіншек өзін шағын және орта бизнеске қайтарымсыз қаржылық қолдау көрсететін «USAID CEED Bulgaria in Kazakhstan» халықаралық компаниясының операторы ретінде таныстырған. Хакало 2009 жылы «AKELLA» ЖШС-ын құрған, - дейді қалалық соттың судьясы Дастан Байменов.

Айыптауға келсек, былтыр күзде келіншек «Сауда-Инвест» ЖШС директоры Андрей Барабашпен гранттық келісім жасаған. Келісім бойынша гранттық қор құрылуы тиіс екен. Бұдан кейін «Сауда-Инвест» директор «AKELLA» ЖШС-ның есеп-шотына 150 млн теңге аударған. Ал Алина Хакало «Сауда-Инвест» ЖШС есеп-шотына 3 млн теңге аударғанда қалғанын қолма-қол ақшаға айналдырып басқа фирмалардың есеп-шоттарына салған. 2013 желтоқсан айында Алина Хакало Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Қазыбай Бозымовпен гранттық келісім жасаған. Соның салдарынан университетке 235 млн теңге залал келген. Тағы да «Конденсат Холдинг Ltd» ЖШС басшымен 408 млн теңге, «Ақашаева А.М» ЖК директорымен 27 млн теңге, «Дүйсенбаева А.А.» ЖК директорымен 25 млн теңге, «Д.М.+Профит» ЖШС директорымен 30 млн теңге, «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ бойынша А.Дүйсеновамен 40 млн теңге, «Сариева» ЖК-мен 22,5 млн теңгенің келісімдері жасалған.

Бұл істе Батыс Қазақстан обылысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Айнагүл Ақашаева да бар. Белгілісі екеуі әріптес әрі жақын құрбы болған. 2014 жылдың басында А.Ақашаева өз өтінішімен жұмыстан босатылған.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз