Оралда Астана күніне орай веложорық ұйымдастырылды

Бүгін Орал қаласында Астана күніне орай веложорық ұйымдастырылды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, велобәйге Салтанат сарайынан басталып, Абай алаңында мәреге жетті.

Түрлі ұжым қызметкерлері, үлкен-кіші қатарында веложорыққа қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бәйгеден келгендерді Астана күнімен құттықтап, салауатты өмір салтын орнықтыру, тұрғындарды спортпен айналысуға құлшындыру мақсатында мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзенінің жағалауында жалпы ұзындығы үш шақырымға жететін велосипед жолы жасалатын болады.

Мәре соңында велобәйгеге белсене қатысқандар марапатталды.

Оралда елорда күніне арналған мәдени-спорттық шаралар жалғасуда.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз