Оралда белгілі суретші Ж.Аралбаевтың көрмесі ашылды

С.Ғұмаровтың музей-үйінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қазіргі кезде Атырау қаласында тұратын Жоламан Аралбаевтың «Қыр кенебіндегі тамшылар» атты көрмесі ашылды.

Аталмыш шара белгілі қылқалам шеберінің 70 жылдығына орайластырылды. Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген Жоламан Аралбаевтың қабілетін әйгілі график Евгений Сидоркин байқап, оның Алматы көркемсурет училищесіне түсуіне ықпал еткен. Ж.Аралбаев атақты суретші Салахитдин Айтбаевтың шәкірті.

Суретшінің шығармалары 2000 жылдан бастап республикалық көрмелерге қойылып, кеңінен танылды. Оның 12 картинасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақтаулы.

Бұл жолы 15 наурызға дейін тұратын көрмеге Ж.Аралбаевтың «Өткеннің үнсіз куәгері», «Өмір», «Қара суық», «Қазақ жері»» «Күн баласы», «Жазғы жайлаудағы кеш» сынды туындылары қойылған.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз