Оралда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 2,1 млрд. теңгеге 27 жоба мақұлданды

Биыл Орал қаласында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 2,1 млрд. теңгеге 27 жоба мақұлданды.

Соның нәтижесінде 264 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2014 жылы 80 млн. теңге бөлінді. Күні бүгін бағдарлама аясында 29 шағын несие берілді. 40 адам оқытылып, 80 жұмыс орны пайда болды.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталмыш мемлекеттік бағдарламалар шағын бизнестің дамуына елеулі ықпал етуде. Жалпы, қалада шағын кәсіпорындар саны жылдан-жылға өсіп келеді. Биылғы сегіз айдың өзінде қалада 30 мың шағын бизнес нысаны тіркелді, бұл өткен жылғыдан 4,5 пайызға көп. Соның 90 пайызы немесе 27 мыңнан астамы белсенді болып есептеледі. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 42 мыңға жетіп, 18 пайызға көбейді. Қаланың шағын бизнес нысандары 39 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салықтық түсімдер көлемі 11 млрд. астам теңгеге жетті, бұл - бюджеттік түсімдердің 25 пайызы.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз