Оралда «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты алғашқы үйді салып бітірді (ФОТО)

Орал қаласында «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты алғашқы үйді салып бітірді.

Бұл - елімізде тұрғын үй индустриясын дамыту бағытында бой көтерген алғашқы үй. Өңірде өткен жылы «Болашақ-Т» ЖШС (қуаты - жылына 50 мың шаршы метр темірбетон бұйымдары) мен «СВ плюс» ЖШС-ның (40 мың шаршы метр) екі үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілген болатын. Сол жылы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында кезекте тұрғандар үшін тоғыз қабатты, 180 пәтерлік тұрғын үй құрылысын бастаған еді.

Комбинат бастығы Нұржан Сахаровтың сөзіне қарағанда, екі ауысыммен жұмыс жасайтын кәсіпорында 77 адам еңбек етеді. Мұнда тәулігіне 22 панель шығарылады, төрт күндегі өнім көлемі ғимараттың бірінші қабатын тұрғызуға жетеді. Қазіргі заманғы германиялық және итальяндық технологиялармен жабдықталған комбинат толықтай автоматтандырылған. Технологияның бірқатары бұрынғы кеңес елдері аумағында тұңғыш рет қолданылуда, сондықтан өнім сапасының жоғарылығына кепілдік беріледі.

Шығарылатын өнімдегі қазақстандық үлес 80 пайызды құрайды. Цемент Ақтаудан, қиыршықтас Ақтөбеден әкелінсе, құм-қиыршықтас қоспасы жергілікті жерден алынады. Тек арматура ғана Ресейден жеткізіледі.

Жұмыс өнімділігі сондай, үйдің тоғыз қабатын көтеру үшін екі немесе екі ай жарым уақыт кетеді. Қазіргі кезде «Болашақ-Т» ЖШС (басшысы Қайдар Қощанов) бірнеше үйді салу үстінде. Мысалы, апатты үйдің орнына мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік негізінде 90 пәтерлік үй бой көтеруде.  Сондай-ақ компания қаржысы есебінен Орал қаласындағы 5-шағынауданда әрқайсысы 72 пәтерлік тоғыз қабатты екі коммерциялық үйдің бірі осы айда іске қосылса, екіншісі алдағы жылдың екінші тоқсанында бітпек.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаевтың сөзіне қарағанда, биыл барлық қаржы көздері есебінен 240 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. 2013-2020 жылдар аралығында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында өңірде 719,9 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланса, соның 469,9 мың шаршы метрі (79,5 млрд. теңге) мемлекет, қалған 250 мың шаршы метрі жеке инвестициялар есебінен.

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз