Оралда британдық Питер Барохқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда

Жасөспірімдерді азғындық жолға итермелеген деген күдікпен тұтқындалған британдық Питер Барохқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, аталмыш басқарма тергеушілері Барохқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы 3-бөлімі және 273-1-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық істер қозғаған болатын. Қазіргі кезде істі БҚО ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде.

Еске сала кетейік, П.Барох 14 қаңтар күні оралдық азаматшаның кәмелетке толмаған қызын жалаңаш күйінде суретке түсірген деген арызы негізінде Оралдағы «Шағала» қонақүйінде ұсталған болатын. Кейін тергеу барысында кәмелетке толмаған басқа да жәбірленушілердің бар екені анықталды. Соның ішінде оралдық тергеушілер Атырау қаласында болған кезде сондағы жеті жасөспірімнің ата-аналарынан да арыз түскен. Барох әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған қыздарды оп-оңай алдап-арбап, қонақүйге шақырып, ақша төлеу арқылы суретке түсіріп, ол суреттерді таратып отырған.

Атыраудағы «Ақ Жайық» газетінің сайты таратқан мәліметке қарағанда, П.Барох «Қашаған» кешеніне қызмет істеуге 2009 жылғы қазанда техникалық супервайзер ретінде келген. Ол жобаның ірі операторлары мен инвесторларының бірі Shell компаниясының мүддесін қорғаған. Оның бұрынғы әріптесі Шыңғыстың айтуынша, шетелдік 2012 жылғы сәуірге дейін қызмет етіп, 35-40 мың доллардай айлық жалақы алған. Томаға-тұйық, өзімен-өзі өмір кешкендей көрінген ол 2012 жылғы мамырда аяқ астынан қызметтен кеткен. Барохты сол кезде Қарабатанға, Самал вахталық кентіне жұмысқа ауыстырған еді. Шамасы, қалалардағы барлық жағдайы бар қонақүйлерде тұрып, ойына келгенін жасаған оның кішкентай ауылда тұрғысы келмеген болуы керек. Кейін ол Қазақстанға қайта оралып, басқа қызметке келген.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз