Оралда ең үздік спортшы отбасы анықталды

Отбасы күніне орай 12 қыркүйек күні Орал қаласындағы «Ақжайық» футбол клубының стадионында спорт қызметкерлерінің отбасылық жарысы мәреге жетті. 

Жарысқа қаладағы балалар және жасөсіпірімдер спорт мектептерінен (БЖСМ) 8 отбасы қатысты. Команда құрамында әкесі, анасы және баласы өнер көрсетті. Алғашқы айналымда олар гимнастика, футбол, көгалдағы хоккей жаттығулары, қапшықпен жүгіру сынды тапсырмаларды орындады. Осынау іріктеу кезеңінен үш отбасы ғана өтті. Жеңіске бір табан жақын қалған жанұялар бұл айналымда отбасымен секіртпеден қатар секіріп, біріктірілген спорт түрлерінің элементтерін орындап, баскетбол добымен жаттығулар жасады. 

Жарыс қорытындысында №1 БЖСМ атынан қатысқан Жәлетденовтер отбасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының Нұриддиновтер, үшінші жүлдені жоғары спорттық шеберлік мектебінің намысын қорғаған Қонарбаевтар әулеті жеңіп алды. Сондай-ақ Нәбек Жәлетденов «Белсенді әке», Райгүл Серікова «Белсенді ана», Бейбарыс Ізғалиев «Белсенді бала», Батырхан Батырбаев «Ең жас қатысушы» атағын иемденді. Ат спорты мектебінің жалауын көтеріп шыққан отбасы «Ең көңілді отбасы» атанса, су спорты мектебінің атын асқақтатқан жанұя «Жеңіске деген жігері үшін» марапатталды. 
Оралда ең үздік спортшы отбасы анықталды (ФОТО)  

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз