Оралда «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеті тақырыбындағы аймақтық семинар-тренинг жұмысын бастады

Бүгін Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғимаратында «Мемлекеттік этносаясат: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар» тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері,  ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары мен ЖОО, БАҚ өкілдері, мәслихат депутаттары, этномәдени, діни және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізіліп отырған аталған шара шеңберінде «Қазақстан - 2050» Стратегиясы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы өкілдікті органдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, маслихат депутаттары қатысып, жергілікті өкілдікті органдардың қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту саласындағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қатысуының өңірлік мәселелері талқылады.

Сондай-ақ семинар-тренинг барысында облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өткізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды ғылыми-практикалық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Семинар-тренинг жұмыс 30 сәуірге дейін созылады.  

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз