Оралда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жаңа үй пайдалануға берілді

Бүгін Оралда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік, бес қабатты үй пайдалануға берілді.

Оның ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің атап өткеніндей, Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында пәтерлер жеңілдікпен беріліп отыр.

Жаңа үйді «Алтим» ЖШС іске қосты, оның сметалық құны - 472 млн. теңге, жалпы алаңы - 4682,17 шаршы метр.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өткен жылы жас отбасыларға 270 пәтер үлестірілсе, биыл 450 баспана бөлінбек. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына сәйкес 2014 жылы тоғыз үй тапсыру жоспарланса, соның төртеуі - тұрғын үй құрылысжинақ жүйесі қатысушыларына, үшеуі - жас отбасыларға, тағы үшеуі кезекте тұрғандарға берілмек.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз