Оралда «Қазақстан-Орал» телеарнасының 50 жылдығына арналған жарыс мәреге жетті

25 қазан күні «Қазақстан-Орал» телеарнасының 50 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.

Оның ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев, «Қазақстан» РТРК» АҚ БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин журналистер арасында салауатты өмір салтын орнықтыру үшін мұндай жарыс өткізудің маңызы зор екенін атап көрсетті.

Өткен жылдан бастап «Намыс» спорт клубы (директоры Қайырбек Оңдағанов) ұйымдастырып келе жатқан жарысқа «Қазақстан-Орал», ТДК-42 телеарналары, «Жайық Пресс» ЖШС, қалалық «Пульс города» газеті редакциясы командалары қатысып, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, асық ату, көңілді сөреден сынға түсті. Соның ішінде «Жайық Пресс» ЖШС командасы волейбол мен көңілді сөреден бірінші орынды иеленсе, шағын футболдан үшінші жүлдені иеленді. Облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Ақмоншақ Жұмаева үстел теннисінен үздік атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

 

http://kazinform.kz, фотосурет Айгүл Ахметова
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз