Оралда мүгедек қыз парашютпен секірді

12 қыркүйек күні қала сыртындағы «Кордон» әуежайында «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпаққұлова парашютпен секірді.

Аталмыш қоғамдық бірлестік тірек-қимыл жүйесі бұзылған арбаға таңылған жандардың мүддесін қорғайды. Гүлмира да солардың бірі. Мақсатынан қайтпаған қайсар қыз дегеніне жетті.

Ол парашютпен секіріп жүрген апасына жастай еліктеп өскенін айтады. Енді міне, жанашыр жандардың көмегімен 2000-2500 метрдей биіктікте қалықтап, жерге аман-есен түсті.

«Адам алдына мақсат қойса, соған жетеді екен», - дейді Гүлмира.
Оралда мүгедек қыз парашютпен секірді (ФОТО)

Оралда мүгедек қыз парашютпен секірді (ФОТО) Оралда мүгедек қыз парашютпен секірді (ФОТО) 
Оралда мүгедек қыз парашютпен секірді (ФОТО)  

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз