Оралда Ораза айт мейрамына орай ұлттық ойындар ұйымдастырылды (ФОТО)

Орал қаласы мен облыс аудандарында Ораза айт мейрамы кеңінен тойланды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы алаңда кеше 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен жарыс өтті. Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Алаңдағы айт мерекесінде ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жиналғандарды құттықтап, Елбасымыздың саясаты арқасында елде тыныштық орнап, бірлігіміз артып отырғанын атап өтті. Осы мақсатта Ораза айт мейрамын ұлттық нақышпен өткізіп, жас ұрпақтың бойында имандылықты ұйытып, жақсылық істерге жетелеудің маңызы зор. Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев те игі тілегін жеткізді.

Айтулы мерекеде  өнер жұлдыздары күмбірлеген күйлер орындап, әсем әндерден шашу шашты. Айта кетейік, Ораза айт мерекесін тамашалауға өзге ұлт өкілдері де қатысып, оның мән-маңызын ұғына түсті.

Алаңда ұлттық нақышпен қазақтың киіз үйі тігіліп, дастархан жайылып, келген жамағаттар ұсынылған дәмдерден алып, облыстық орталық мешіттің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев Ораза айт турасында уағыз айтып,  баршаға тартымды етіп жеткізді. Ақ дастархан басында ақсақалды аталар, ақжаулықты әжелер, өңірге танымал адамдар, мемлекеттік қызметкерлер, қала қонақтары, жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері бірге отырып, әңгіме дүкен құрып, ақ тілектерін білдірді.

Облыс аудандарында да Ораза айт осындай ұлттық нақышта атап өтілді.

3

1

2

6

4

5

9

8

12

7

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз