Оралда тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 6,7 млрд. теңге бөлінді

Орал қаласында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 6,7 млрд. теңге бөлінді.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің сөзіне қарағанда, бұл - бюджеттің 26,3 пайызы. Өткен жылы бұл мақсатқа 4,6 млрд. теңге қаралған еді.

Осы қаржыға «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес «Қазақстан тұрғын үй құрылысжинақ банкі» АҚ салымшылары үшін үш көп қабатты, кезекте тұрғандарға 100 және 60 пәтерлік екі үй, жас отбасыларға әрқайсысы 90 пәтерлік үш үй салынуда. Бұл үйлерде барлығы 826 пәтер болмақ. Жалпы құны - 4,4 млрд. теңге, алаңы - 49,6 мың шаршы метр.

Сонымен қатар 5-7 шағынаудандар арасында жаңа қала алаңы мен демалыс аумағының құрылысы басталды.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз