Оралда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Орал қаласындағы М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында кеше таңда қатты жылдамдықпен Skoda Rapid алдында кетіп бара жатқан «ВАЗ-2110» автокөлігін артынан түйген.

Соққының жойқын болғаны сондай, Лада автокөлігі жолдан ұшып кетсе, Skoda қарқынынан қайта алмай, темір бағанға соғылып, быт-шыты шыққан. Оның үстіне өртеніп кеткен. Оқиға орнында Skoda жүргізушісі қаза тапты.

Алдын ала мәліметке қарағанда, марқұм облыстық сотта жүргізуші болып жұмыс жасаған.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз