Оралда жол-көлік оқиғасы кезінде әскери қызметкер қаза тапты

Кеше Орал қаласы М.Шолохов көшесі бойында «Жан-Ойл» жанар-жағар май құю стансасы тұсында екі автокөлік түйісті.

Volkswagen Jetta автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, ВАЗ-212300 автокөлігімен қатты соқтығысқан.

Кейін анықталғанындай, Volkswagen Jetta көлігінің рулінде отырған Есенжан Шамшиев облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенмен, есін жия алмай көз жұмған.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, майор Ерболат Сұлтановтың айтуынша, Есенжан БҚО-ның Жаңақала ауданынан, 1993 жылғы ол өткен жылы күзде әскерге шақырылған. 5517-әскери бөлімінің бөлімше командирі, кіші сержант Е.Шамшиев келісімшартпен жұмыс жасап жүрген.

Екінші автокөлік рулінде полиция қызметкері болған, басынан жарақат алғанмен, ол үйіне жіберілген.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз