Оралда жол-патрульдік қызмет полицейлері 7 және 7,5 жылға сотталды

Орал қалалық соты қорқыту арқылы пара алған Орал қаласы ІІБ Жол- патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің үкімін жария етті, деп хабарланды ҚР Жоғарғы сотының сайтында.

«Жол-патрульдік қызмет полициясының қызметкерлері Ж.Көшкінбаев пен К.Қошай  қызмет атқару кезінде автокөлікті тоқтатқанда жүргізушінің мас күйінде екені анықталған. Осыны пайдаланған полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырмау үшін жүргізушіден 200 000 теңге ақша талап еткен. Алайда жүргізушіде аталған соманың болмауына байланысты, талап етілген пара көлемі  50 000 теңгеге дейін түсірілген.

Келесі күні үйіне келген полиция қызметкерлерінің өзіне қатысты әкімшілік хаттама толтыруы туралы қорқытуына байланысты жүргізуші, оларға сұраған 50 теңге ақшаны берген. Полицейлерді қаржы полициясы қызметкерлері ұстады.

Орал қалалық сотының  үкімімен Көшкінбаев Жігер Асқарұлы және Қошай Кербез Сағындықұлы ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-ші бөлігі «а, б» тармақтарымен кінәлі деп танылды.

Ж.А.Көшкінбаевқа мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, құқық қорғау органдарында 5 жылға дейінгі мерзімде лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру  жазасы тағайындалды.

К.С.Қошайға  мүлкі тәркіленіп,  7 жылға бас бостандығынан айыру, құқық қорғау органдарында 5 жылға дейінгі лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру туралы  жазасын  тағайындау туралы үкім жариялады.

ҚР ҚК 50 бабына сәйкес, Ж. Көшкінбаев полиция аға сержанты, К.С.Қошай кіші сержант шендерінен айырылды. 

 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз