Оралдағы «Beeline» орталығында «жарылғыш зат қойылды»

Кеше Орал қаласындағы Достық даңғылы, 195 мекенжайында орналасқан «Beeline» орталығының қызметкері «102» нөміріне қоңырау шалып, «осы ғимаратқа жарылғыш зат қойылды» деп белгісіз біреудің хабарлағанын айтып, жүгінген.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына жедел жеткен тиісті қызметтер ғимарат пен оның маңайын толық тексергенімен, жарылғыш зат табылған жоқ.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жалған қоңырау шалып, жұртты дүрліктірген адам ұсталды. Ол 1994 жылғы Н. деген азамат болып шықты. Н. бұл әрекетті ешқандай ойланбастан бұзақылықпен жасағанын мойындады.

Қазіргі кезде аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 242-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз