Оралдағы жол апатынан әйел адам көз жұмды, 11 айлық сәби ессіз күйде жатыр

Кеше кешкісін Орал қаласында ірі жол апаты орын алды.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы бөлімінің инспекторы Гүлжан Қанатованың айтуынша, «КамАЗ» автокөлігі Конкин мен Шолохов көшелерінің қиылысында солға бұрылған кезде «Лада Гранта» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен Флюра Саматованың хабарлағанындай, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген бір әйел сонда көз жұмды. Жүргізуші әйел жансақтау бөлімінде, жолаушы ер адам хирургиялық бөлімшеде емделуде. Олардың екеуі де бастарынан жарақат алған, көптеген жерлері сынған.

Ал облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен 11 айлық сәбидің есі әлі кірген жоқ. Басынан жарақат алған оның бас сүйегі сынған, миына зақым келген.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз